Министерство здравоохранения Республики Казахстан
KazIOR
Kazakhstan Cancer Sociaty
Together Against Cancer
  • Бастапқы бет
  • Онлайн конференциясы
  • Виртуалды көрме
  • Спикерлер
  • Бағдарлама
  • Байланысу
  • NOBEL

    NOBELNOBEL

    Демеуші туралы

    Денсаулықтың жаңа көкжиектері

    2002 жылы «Алматы фармацевтикалық фабрикасы» әлемдегі 25 елде үш мыңнан астам қызметкерлер командасы мен филиалдары бар, 1964 жылы Түркияда құрылған  NOBEL Pharmaceuticals халықаралық холдингіне қосылды.Осылайша отандық « Нобел  Алматы фармацевтикалық фабрикасы» Акционерлік Қоғамы құрылды.

    «Нобел АФФ» АҚ-ның жобалық қуаты жылына 750 млн. таблетка, 250 млн. капсула, 20 млн. сироп пен суспензия құтысы, жылына 10 млн. крем және гель түтікшесі құрады, олар 5 өндірістік алаңда өндіріліп шығарылуда. Қазіргі уақытта компанияда 500-ден астам маман жұмыс істеуде. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының 7 өңірінде, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанда филиалдарымыз ашылған.

    «Нобел АФФ» АҚ — 2011 жылы сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттарды өндіруге негіз болатын халықаралық GMP сертификатын алған алғашқы отандық компания болып табылады. «Нобел АФФ» әр үш жыл сайын өндіріс пен фармацевтикалық сапа жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін сәтті растап келеді.

    Қазіргі уақытта «Нобел АФФ» отандық өндірушілердің дәрі-дәрмектерді сату бойынша алғашқы орындардың бірі болып келеді.  Бүгінгі  таңда заманауи өнім мен жаңа дәрілік нысандардың шығарылуын игеру арқылы, компания өте жиі және сирек кездесетін ауруларды, сондай-ақ қатерлі ісіктерді емдеуге арналған 250 жоғары сапалы импорт алмастыратын дәрілік заттарды шығарады.

    Өндірілетін дәрілік заттарымыз жоғарғы сұранысқа ие, дәрігерлер оларға сенеді және науқастар арасында тек Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелде де көп сұранысқа ие. Сонымен қатар «Нобел АФФ» АҚ дәрі-дәрмектері Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия және Беларусь Республикасына  экспортталады.

    Өнім

    Ertinob
    Ertinob
    Gefitin
    Gefitin
    Immutin
    Immutin
    Zatinib
    Zatinib
    Демеушімен байланысу