Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының барлық онкологиялық қауымдастығын Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының 60 жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Республиканың онкологиялық көмек көрсету тарихы, әрине, әлдеқайда ерте кезден бастау алып, 1945 жылы қалалық клиникалық аурухана жанынан онкологиялық бөлімшенің ашылуынан бастап, 1960 жылы жоғары мамандандырылған көмек көрсететін ғылыми-зерттеу орталығы құрылғанға дейін күрделі жолдан өтті!
2020 жылдың 10-11 желтоқсанында "Қазақстан онкологиясы. Кеше. Бүгін. Ертең" атты онлайн режимде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарлануда екенін қуанышпен хабарлаймыз. Барлық мүдделі тұлғаларды біздің мерейтойлық конференцияға қатысуға шақырамыз!
Конференцияға онкологиялық көмектің қалыптасуына қатысқан республиканың көрнекті ғалымдары қатысады, республиканың онкологиялық көмегін ұйымдастырған сәттен бастап негізгі жетістіктер ұсынылады, қатерлі ісіктердің (ҚТ) дамуы мен эволюциясындағы жаңа ғылыми жаңалықтар, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің заманауи медициналық технологиялары, қатерлі ісіктерді дербестендірілген емдеудің инновациялық әдістері, сәулелік терапияның жоғары технологиялық әдістері және хирургия, таргеттік терапия мен иммунонкологияның заманауи жетістіктері жарияланады, онкологиялық пациенттерге оңалту және паллиативтік көмек көрсету мәселелері, онкологиялық көмекті ұйымдастыру, скринингтік бағдарламалар, онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау мәселелері, сондай-ақ онкологиялық пациенттерге көмекті дамыту перспективалары қарастырылады.
Конференцияда баяндама жасап, сөз сөйлеу үшін Австралия, АҚШ, Испания, Швейцария, Германия, Түркия, Ресей, Грузия, Моңғолия және басқа елдерінің жетекші сарапшылары шақырылды.
Конференция шеңберінде онкогинекология, маммология, торакальды онкология бойынша шеберлік-сағатар (live surgery) өткізу жоспарлануда.
Сіздерді және Сіздің ұйымыңыздың қызметкерлерін ҚазОжРҒЗИ 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ""Қазақстан онкологиясы. Кеше. Бүгін. Ертең"" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.